×

Мәскеуде Путин мінетін тікұшақ құлады

Апаттың салдарынан зардап шеккендердің бар екені хабарланды

 Дастан Жұмабекұлы 29.01.2023 | 09:30
фото: ашық дереккөз

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен оның жақындарын таситын Ми-8 тікұшағы қонатын кезінде апатқа ұшырады. Бұл туралы «Диалог.Ua» хабарлады.

Мәскеу аэропортында Ресей Федерациясының бірінші лауазым иелерін тасуға бекітілген тікұшақ құлап түсті, – делінген хабарламада.

Оқиға Мәскеудің Внуково аэропортында болған. Ресей БАҚ-тары апатты Ми-8 тікұшағының жерге «қатқыл қонғанынан» болған деп жазып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол қонар кезінде қалақшаларын жерге ұрып алған.

Жалпы, бұл әуе лайнері Ресейдің бірінші лауазымды азаматтарын тасымалдаумен айналысатын «Россия» арнайы жасағанының қарауында.

Шұғыл қызметтерге сілтеме жасаған басылымдар апат салдарынан зардап шеккендердің бар екенін де хабарлады. Алайда Президент іс басқармасындағылар ол ақпаратты жоққа шығарып отыр. Олар тек тізгіндік винттің ғана зақым алғанын алға тартты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02