×

Australian Open-2023: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

Матч 2 сағат 28 минутқа созылды

 Динара Амантай 28.01.2023 | 17:27
Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатында финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы турнирде бесінші орын алған беларусьтік Арина Соболенко болды.

Бірінші сетте Елена жеңді – 6:4. Екінші сетте Соболенко мықтырақ шықты – 6:3. Шешуші ойында Арина Соболенко қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсіп, титулдың иегері атанды.

Матч 2 сағат 28 минутқа созылды.

Айта кетейік, финалға шығар жолда Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена Рыбакина қатарынан үш «Үлкен дулыға» чемпионы: Ига Свитек (Польша), Елена Остапенко (Латвия) және Виктория Азаренконы (Беларусь) ұтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама