×

Қытайда 133 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Әзірге қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ

 Халық үні 21.03.2022 | 14:47
фото: inforeactor.ru

Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар лайнері апатқа ұшырады, деп хабарлады ҚХР ұлттық телеарнасы.

Бортында 133 адам болған China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы Гуанси-Чжуан аумағында (Қытай) Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде апатқа ұшырады.

Қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.

Ұшақ бортында 132 адам – 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. Қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнында өрт шыққан.

Апат болған жерге құтқару қызметі жөнелтілді. Ұшақ құлаған жер таулы аймақ болғандықтан құтқарушылардың апат орнына жетуі қиындаған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының маңында «China Eastern Airlines» әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама