×

Атырауда емдік мақсатта жаңа туған нәрестенің бетін тілді: полиция мәлімдеме жасады

Сәбидің туғанына бір ай ғана толған

 Халық үні 27.01.2023 | 08:40
Фото: orda.kz

Желі қолданушыларын емдік мақсатта жаңа туған нәрестенің бетін тілгені көрсетілген видео шошытты.

Сәбиге жасалып жатқан күмәнді медициналық процедураны NeMolchiKZ қоғамдық қорының жетекшісі Instagram желісінде жариялады. Оның айтуынша, видеоны Атырау облысындағы емхана дәрігері түсірген.

Видеоға қарағанда, сәбидің туғанына бір ай ғана толған.

Жазылған пікірлерден бұл емдік шараның жұртты шошытқанын байқауға болады.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша,  аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кішкентай сәбиге хиджама жасаған емші тексерілуі мүмкін екенін айтты

Серіктес жаңалықтары

Сараптама