×

Жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігіне қарай үстемақы енгізіледі

Сондай-ақ спорт мектептерінің педагогтары мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі төмендетіледі

 Динара Амантай 25.01.2023 | 15:50
Фото: gov.kz

Мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай әр категория үшін үстемақы енгізілмек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Жиында ведомство басшысы спорт мектептерінің педагогтері мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін азаятынын атап өтті.

Сонымен бірге мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр катергория үшін үстемеақы енгізілетінін айтты. Бұл инновациялар биылдан  бастап күшіне енеді.

Асхат Оралов дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық база талаптарға толық сәйкес келмейтінін, саланың нақты қажеттіліктері ескерілетінін, сондықтан министрлік қолданыстағы заң жобасына түзетулер енгізуді қолға алып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы балалар спортын дамытуға және педагог мамандығына қызығушылықты арттыруға көп көңіл бөледі. Осы ретте спорттық бағыттар назардан тыс қалмайды. Біз жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны және спортшыларды жоғары тұрған спорт ұйымдарына, сондай-ақ спорттық атақтарға ұсынғаны үшін үстемеақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жаңа шешімдер қабылдаймыз, – деді Мәдениет және спорт министрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама