×

Астананың орталығында ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Бір жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2023 | 17:20
фото: ашық дереккөз

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бойында қатарынан төрт көлік соқтығысып қалды.

Полиция мәліметінше, оқиға 24 қаңтарда түнгі сағат 2-де болған. Желіде апаттың видеосы енді тарап жатыр.

23 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Ермаков көшесіне қарай келе жатып, рөлді басқара алмай, Nissan Cefiro маркалы көлікпен соқтығысқан. BMW соққының салдарынан қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt және Chevrolet Tahoe көліктерімен соқтығысқан, - деп түсіндірді қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама