×

Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасарын да ұстады

А.Ш. Нұразхан екі ай мерзімге қамауға алынды

 Дастан Жұмабекұлы 24.01.2023 | 09:08
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына (Мәдениет және спорт экс-министрі) және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеуді ескере отырып, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Масқара»: Ұлдары органда істейтін қария қарттар үйін паналауға мәжбүр

Үш ұл, бір қызды тәрбиелеген қарт перзенттерінен қайыр жоқ екенін алға тартады
05.02.2023 | 08:40

Дәрігер қатерлі ісіктің негізгі себептерін айтты

Қатерлі ісікке уайым-қайғы да үлкен себеп болады
05.02.2023 | 07:30

Күләш Бәйсейітованың қызы өмірден озды

 83 жасына қараған шағында өмірден өтті. 
05.02.2023 | 06:56

«Елестермен шай ішеміз»: Астанада зират үстіне салынған үйлердің бары рас па?

Мұндай әңгімелер тұрғындардың үйлерін сатуға кедергі 
04.02.2023 | 23:41