×

«Швеция НАТО-ға кіру үшін Түркияның қолдауын күтпесін» – Ердоған

Бұған дейін Стокгольмде дат саясаткері Құранның көшірмесін өртеп жіберген еді

 Халық үні 24.01.2023 | 08:55
фото: akorda.kz

Стокгольмде діни жеккөрушілік тақырыбында жанжалды акциялар өткеннен кейін Швеция Түркиядан НАТО-ға кіру туралы өтінімді қолдауды күтпеуі керек. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ТРТ телеарнасының эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық Рухы. 

Түрік көшбасшысы Түркияның дипломатиялық өкілдігінің жанындағы «Швециядағы лас акциялар» мұсылмандарды, жалпы барлық адамдарды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорлау екенін атап өтті.

«Сіз террористерге қолдау көрсетуді жалғастырасыз және НАТО-ға қосылуға қолдау күтесіз. Олай болмайды. Швеция бұдан былай бізден бұл қолдау күтпеуі керек», - деді Ердоған Министрлер Кабинетінің отырысынан кейін.

Түркия президенті Стокгольмнен террористік ұйымдармен күресу және барлық мұсылмандардың діни сезімдерін құрметтеу жөніндегі міндеттемелердің толық орындалуын күтетінін атап өтті.

«Егер сіз бұл құрметті көрсетпесеңіз, кешіріңіз, бірақ бізден НАТО-ға кіруге бір тамшы да қолдау ала алмайсыз», - деді Ердоған.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Дат саясаткері және адвокаты Расмус Палудан Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Құранның көшірмесін өртеп жіберген болатын. Келесі күні Түркия тұрғындары Стамбулдағы Швецияның Бас консулдығында наразылық акциясын өткізіп, белсенділер Швед туын өртеп жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама