×

Петропавлда синтетикалық есірткінің ірі көлемі тәркіленді

Оны жеткізген курьер ұсталды

 Дәурен Ерболат 23.01.2023 | 16:16
Фото: polisia.kz

Петропавлда полиция α-PvP (соль) синтетикалық есірткісінің ірі көлемін тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Биыл 6-20 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысында есірткі қылмысына қарсы «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Соның аясында өңірдегі полицейлер Астанадан Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.

Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде α-PvP (соль) синтетикалық есірткісінің ірі көлемі тәркіленді. Оның нақты салмағын анықтау үшін сараптама жүргізіледі, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция ескірткіні жеткізген курьерді ұстады. Одан 50 түйіншек тәркіленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама