×

Тоқаевқа Air Astana-ның алдағы 4 жылға арналған жоспары баяндалды

Мемлекет басшысы әуе компаниясының қызметін оң бағалады

 Динара Амантай 23.01.2023 | 15:46
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе компаниясының 2022 жылғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ компанияның 2023-2027 жылдарға арналған жоспары баяндалды.

Air Astana өз әуе паркін Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner секілді жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл ұшақтар елімізге 2025 жылы жеткізіледі. Питер Фостер компанияның бөлімшесі Fly Arystan лоукостерінің жұмыс перспективасы және 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындық туралы баяндады.

Президент Air Astana қызметін оң бағалап, компанияның ұшақ санын арттыруды және ұшу географиясын кеңейтуді көздейтін стратегиясын құптады.

Сондай-ақ кездесу барысында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама