×

Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты оңай жеңді (ВИДЕО)

Енді оның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі биылғы бірінші жартыжылдықта өтуі мүмкін

 Еркеғали Болатұлы 22.01.2023 | 15:05
фото: prosports.kz

Қазақстандық UFC үміткері Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.

Алматыда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Octagon 39 турниріндегі басты жекпе-жекте Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрицио Нуньес (8-0) кездесті.

Азат Мақсұм жекпе-жекті белсенді бастап, 1-раундтың аяқталуына 10 секунд қалғанда қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы былтыр әлемнің белді промоушені – UFC-дегі дебюдті жекпе-жек өткізудің аз-ақ алдында тұрған еді. Алайда қолы сынып, Американың аталған ұйымымен келісімшартқа қол қоюды кейінге қалдыруға тура келді.

Азат Мақсұмның командасы оның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі биылғы бірінші жартыжылдықта өтуі мүмкін екендігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама