×

Универсиада: шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды

Әзірге қоржында 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар

 Динара Амантай 21.01.2023 | 11:15
Фото: t.me/qazaqstantv

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік Универсиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аралас эстафетада (2000м) Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Әлішер Абұлқатимов, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева 2:47.757 минут уақытымен екінші орынға тұрақтады.

Алтын медальді Франция құрамасы иеленсе, қола жүлдені Жапония спортшылары еншіледі.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама