×

Депутаттық мандатынан айырылған Азамат Әбілдаев мәлімдеме жасады

Азамат Әбілдаев депутат болғанға дейін мал баққаны белгілі болды

 Халық үні 20.01.2023 | 21:45
Фото: Informburo.kz

Украинадағы соғысты қолдаймын деген сөзі үшін депуаттық мандатынын айырылып, партиядан шығарылған Азамат Әбілдаев мал бағатынын айтты. Ол депутат болғанға дейін мал баққаны белгілі болды.

Бұл туралы Азамат Әбілдаев AIBAT тілшілеріне берген сұхбатында мәлімдеген.

Экс-депутат болашақ жоспарымен бөліскен. Айтуынша, лауазымды қызметке дейін мал бағыпты, енді сол кәсібін жалғастырмақ екен.

«Біздің парияның шешімі солай болды. Мені өзімнің ойымды айтқаным үшін партиядан шығарды. Мен 3,5 сағат сұхбат бергенмін. Соның ішіндегі 1,5-2 минут қана айтқанымды кесіп алыпты. Терроризмге, қан-төгіске қарсымын. Мен өзім депутаттыққа жеткенше малда болғам. Қайтадан өзімнің малымды бағамын», - деді Азамат Әбілдаев.

Айта кетейік, мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев «Азаттыққа» сұқбатында Ресей-Украина соғысында Мәскеуді қолдайтынын айтты. «Ақ жол» демократиялық партиясының пленумы осы сөзі үшін Азамат Әбілдаевты партиядан шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама