×

Жамбыл облысында базар өртенді (ВИДЕО)

Өрттің ауданы – шамамен 1500 шаршы метр

 Еркеғали Болатұлы 20.01.2023 | 14:57
фото: Жамбыл облысы ТЖД

Бүгін сағат 13:22-де Жамбыл облысы ТЖД өртке қарсы бөлімшелеріне «Ақсай» базарында жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Құтқарушылардың күшімен ғимараттың бірінші қабатынан 4 адам құтқарылған. Зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша өрттің ауданы – шамамен 1500 шаршы метр. Ғимаратта сауда бутиктері, киім-кешек, ойыншықтар, екінші қабатта мата мен перде сату бөлімдері орналасқан», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртке қарсы Жамбыл облысы ТЖД-ның 50-ден аса өрт сөндірушісі мен 16 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама