×

Australian Open-2023: Рыбакина алғаш рет төртінші айналымға шықты

Енді ол ширек финал үшін кортқа шығады

 Дастан Жұмабекұлы 20.01.2023 | 13:19
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымында әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзды 6:2, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Биыл теннисшілер Аделаида турнирінде кездесіп, онда отандасымыз 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Осылайша, Рыбакина алғаш рет Австралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты. Бұған дейін ол үшінші айналымнан аса алмаған еді.

Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 100-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаның біреуімен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама