×

Алматы полициясы 400-ге жуық ұрыны ұстады

Олар 638 ұрлық жасаған

 Дастан Жұмабекұлы 19.01.2023 | 15:21
фото: polisia.kz

Былтыр Алматы қаласында қылмыс 45%-ға азайды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.

Департамент бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, былтыр жазға дейін күн сайын орта есеппен 120 қылмыс жасалса, желтоқсан айының соңында бұл көрсеткіш 60-қа дейін азайған.

Қаладағы қылмысты азайту үшін қосымша шаралар қабылдап жатырмыз. Криминогендік жағдайды талдағаннан кейін полицияның жекелеген модульдік посттары құқық бұзушылықтар көп болатын жерлерге көшірілді. Сондай-ақ қала жолдарында және аулаларында алдын алу шаралары күшейтіліп, жаяу патрульдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған және жоғалған қаруларды іздеу жұмысын жалғастырып жатырмыз», – деді ол.

Оның айтуынша, жалпы Алматы полициясының жеке құрамы қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмысты азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Біз ең әуелі қала халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтып отырмыз. Бұл міндетті қоғаммен бірігіп атқара аламыз, – деді Арыстанғани Заппаров.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматы полициясы қарақшылық шабуыл, тонау, бөтен адамдардың көліктерін ұрлау, пәтер тонау, қоғамдық орындарда автокөліктер мен жеке мүліктерді ұрлау қылмыстарымен айналысқан 307 қылмыстық топты әшкерелеген. Сондай-ақ 638 ұрлықты жасаған 391 ұры ұсталды. Олардың қылмысы дәлелденді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама