×

Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды

Облыс орталығында 48 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

 Динара Амантай 18.01.2023 | 15:52
Фото: polisia.kz

Таразда тестілеуден кейін «Сергек» жүйесі іске қосылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 16 қаңтардан бастап облыс орталығында 48 аппараттық-бағдарламалық кешен (35-і – желілік учаскеде және 13-і – қиылыстарда) қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жол белгілерiн сақтамау секілді жол ережелерінің бұзылуын тіркейді. Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу автоматтық режимде жүргізіледі және полиция қызметкері тексергеннен кейін құқық бұзушыға жіберіледі.

Барлық ереже бұзу жағдайлары Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама