×

«АрселорМитталТеміртау» кәсіпорнында тағы апат болды

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 18.01.2023 | 09:13
фото: ашық дереккөз

18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. 20 метр аумақ зақымданған. Зардап шеккендер жоқ. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, 13 қаңтарда «Арселор Миттал Теміртау» ЖЭО аумағында газ құбыры ішінара опырылды. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл оқиға ЖЭО-2 жұмысына әсер етпеді.

Былтыр «АрселорМиттал Теміртауда» жиі апат болып, бірнеше адам көз жұмды.

2022 жылдың 8 желтоқсанында «АрселорМиттал Теміртауда» апат болып, 1 адам көз жұмған еді.

2022 жылдың 28 қарашасында «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды. Былтыр 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама