×

Қостанай облысында үшем дүниеге келді

Нәрестелер ұшақпен Қостанайға жеткізілді

 Дәурен Ерболат 17.01.2023 | 17:50
Фото: turkmenportal.com

Меңдіқара ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлады Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ата-анасы жаңа туған сәбилеріне Николай, Евгений және Виолетта деп ат қойды.

Харьковский ауылының тұрғыны Алена Петрова мерзімінен бұрынған босанған. Оның күйеуі жедел жәрдем көлігін шақырмай, әйелін аудандағы ауруханаға досының көлігімен өзі жеткізді.

Таңғы сағат 06:00-де 2 ұл (салмағы 2070 гр және 1860 гр) және 1 қыз (1680 гр) дүниеге келді. Жаңа туған нәрестелердің жағдайы тексерілді. Бір тәуліктен кейін санитарлық авиация ұшағымен аудандық дәрігерлер балаларды облыстық ауруханадағы перинаталдық орталығына емдеуге жіберді. Ұлдар бірден бөлімге орналастырылды, қыз екі күн жансақтау бөлімінде жатты, - деп жазылған хабарламада.

Енді Петровтар отбасында 7 бала бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама