×

Универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде үш сатыға көтерілді

Еліміз жалпыкомандалық есепте 6-орынға шықты

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2023 | 17:28
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан спортшылары екінші алтын жүлдені алып, жалпыкомандалық есепте 6-орынға көтерілді.

Дүбірлі дода 12 қаңтарда басталған. Ол 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес алса, бүгін шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанды.

Осылайша, ел құрамасы екі алтын жүлдеден кейін медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді. Бұған дейін  құрама 9-орында тұрған еді.

Көш басында 17 (9-6-2) медальмен Жапония келеді. Одан кейінгі орындардағы Францияның 9 (2-3-4), Чехияның 5 (2-1-2) медалі бар. Испания 4 (2-1-1) жүлдемен төртінші, Канада 5 (2-0-3) жүлдемен бесінші сатыда тұр.

Қазірге дейін барлығы 20 құрама медаль алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама