×

Алматыда «Қайрат» шағын ауданында газ желісі қалпына келтіріліп жатыр

Бүгінде 135 абонент газбен жабдықталды

 Динара Амантай 17.01.2023 | 12:42
Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы қаласында «Қайрат» шағын ауданында жол апаты салдарынан зақымданған газ желісі қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Баймақ» ЖШС «Қайрат» шағын ауданындағы зақымданған жеке газ желісін жедел жөндеуге кіріскен. Кеше күндіз жүк көлігі орта қысымды газ магистралына соғылған. Салдарынан шағын аудандағы бірқатар үйге газ беру тоқтатылды.

Апатты қалпына келтіру жұмыстарына 3 сағаттан аса уақыт жұмсалды. Жөндеу бригадасы іске кіріскенімен, газбен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ете алмады. Сағат 01:30-да 135 абонент газбен жабдықталды. Қалған 52 абонентке газ құбырын сатып алу керек. Оларды жөндеу үшін негізгі магистралды өшіру қажет.

Қауіпсіздік техникасы бойынша түнде дәнекерлеу және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілмейді.

Аудандық әкімдіктің және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері шағын аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Бүгін газбен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама