×

Астанада Мексика елшілігі ашылады

Қос ел арасында саяси байланыс нығаймақ

 Дәурен Ерболат 16.01.2023 | 17:00
Фото: СС0/Jorge Carlos

Биыл Қазақстанда Мексика елшілігі ашылады. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

12-13 қаңтарда Мексика астанасы Мехикода Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың елде аккредиттелген дипломатиялық корпуспен дәстүрлі жыл сайынғы кездесуі өтті. Министр 2023 жылғы міндеттерге тоқталып, Мексика 5 жаңа елшілік ашатынын ресми түрде мәлімдеді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Қазақстан Мексика Үкіметінің шешімін қолдайды әрі Астанада Мексика елшілігінің ашылуына көмек көрсетуге дайын, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың шетелде құлдықта болу дерегі жиілегені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама