×

Елімізге McDonald’s орнына ресейлік «Вкусно – и точка» келуі мүмкін

Қазір Әділет министрлігінде тауар белгісін тіркеуге өтініш қаралып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 16.01.2023 | 12:18
фото: ашық дереккөз

Сараптама ұйымы ресейлік «Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазақстандағы «Вкусно - и точка» тауар белгісін тіркеуге өтінішті қарап жатыр. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін ресейлік компания ТМД елдерінде «Вкусно - и точка» мейрамханалар желісін ашу мәселесінің қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын.

Айта кетсек, McDonald's мейрамханалары Ресейде былтыр 14 наурыздан бастап жабыла бастады. Одан кейін биыл америкалық компанияның фаст-фуд желілері Қазақстанда да жабылды. Еліміздің 6 қаласында McDonald's-тың 23 мейрамханасы жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама