×

Қытайдағы қазақ 150-ден аса түйе бағып, шаруасын шалқытып отыр

Оның 50-ге жуығы – сауылатын інгендер

 Еркеғали Болатұлы 15.01.2023 | 11:31
фото: ашық дереккөз

Шыңжаңның Бурылтоғай ауданы түйе өнеркәсібінің қарқынды дамуын қолдап, бақташылар кірісін арттырды, деп хабарлады ҚазАқпарат Қытайдың People.cn ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қытайлық порталдың мәліметінше, Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты Бурылтоғай ауданында тұратын Нардос Бақытбекұлы жеке шаруа ауласында түйелерге жем-шөп әзірлейді. Қазір ол 150-ден аса түйе бағып отыр екен.

Оның 50-ге жуығы – сауылатын інгендер. Жаңа дайындалған шұбатты компаниялар күн сайын сатып алады. Бұл бақташының өз отбасын тұрақты табыспен қамтамасыз етеді, - деп жазды қытайлық БАҚ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама