×

Семей-Өскемен автожолында көлік апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды

Жүргізуші мен жолаушы алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды

 Халық үні 15.01.2023 | 07:33
Фото: autoassa.ru

Абай облысының полиция департаменті Семей-Өскемен жолындағы көлік апатына қатысты іс қозғады.

14 қаңтар күні сағат 13:30 шамасында Семей-Өскемен тасжолының 111/87 шақырымында жол апаты болды.

ВАЗ 21102 және Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ, ВАЗ 21102 көлігінде кәмелетке толмаған үш жолаушы болған.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған үш жолаушы, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама