×

Қазақстан хоккейшілері универсиаданы жеңіспен бастады

Отандастарымыз келесі ойынын Венгрия командасына қарсы өткізеді

 Дастан Жұмабекұлы 13.01.2023 | 17:47
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тағы Лейк-Плэсид қаласында басталған қысқы универсиада Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасында шайбаларды Алдияр Нұрлан (6-минут), Максим Мусоров (26-минут), Кирилл Полохов (35 және 37-минут) пен Максим Мұхаметов (39-минут) соқты. Оңтүстік Корея құрамасында Мин Джэ Чан (21-минут) қақпаны дәл көздеді.

Универсиадада Қазақстан құрамасы Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен В тобында өнер көрсетеді. Топтан бірінші және екінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне шығады. Яғни, жартылай финалға жолдама алады. Финалдық ойыннан бөлек, үшінші орын үшін де кездесу өтеді.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 13 қаңтарда Венгрия командасына қарсы өткізеді.

Хоккей турниріне Қазақстанның студенттер құрамасы қатысып жатыр. Командалар екі топқа бөлінген. Хоккейшілеріміз В тобында ойнайды. Әр топта алғашқы екі орын алған командалар

Қазақстан құрамасының алдағы турнирге қатысу кестесі:

13 қаңтар – 00:00, Корея – Қазақстан.

13 қаңтар – 20:30, Қазақстан – Венгрия.

16 қаңтар – 07:00, Қазақстан – Ұлыбритания.

17 қаңтар – 03:30, Қазақстан – Словакия.

18 қаңтар – 20:30, АҚШ – Қазақстан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама