×

Тәліптер балаларға 6-сыныпқа дейін білім алуға рұқсат берді

Алайда оқушы қыздар мен әйел ұстаздар шариғат шәлісін тағуы міндетті

 Дастан Жұмабекұлы 12.01.2023 | 17:45
фото: ашық дереккөз

Ауғанстанның билігіндегі «Талибан» радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) уақытша жасақталған үкімет құрамындағы білім беру министрлігінің пәрменімен алтыншы сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына мектеп қабырғасында білім алуға рұқсат берілді. Бұл туралы Tolo News телеарнасы хабарлады.

Бастауыш сыныпта жұмыс істеген және желтоқсан айының соңында жұмыстан шеттетілген мұғалімдер де жұмысқа қайта қабылданады. Алайда, бір шартпен: оқушы қыздар мен әйел ұстаздар шариғат шәлісін тағуы міндетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама