×

Қырғызстан шетелдік инвесторлар үшін арнайы визалық режим енгізеді

Енді экономикаға 20 млн сом салған шетел азаматы 10 жылға виза ала алады

 Дастан Жұмабекұлы 12.01.2023 | 13:15
фото: ашық дереккөз

Қырғызстан Парламенті ел экономикасына серпін беру үшін шетелдік инвесторларға айтарлықтай оңайлатылған визалық режим қарастырылған заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Жогорку Кенештің баспасөз қызметі хабарлады.

Жогорку Кенеш «Сыртқы көші-қон туралы» Қырғыз Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады. Заң жобасында инвестицияланған сомалардың градациясы ұсынылған. Соған сәйкес, кемінде 10 миллион сом (117,6 мың АҚШ доллары) инвестициясы бар шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам 5 жылға виза алуға құқылы, –  делінген хабарламада.

Парламент баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қырғызстан экономикасына 20 млн сом (шамамен 235 мың доллар) инвестиция салса, ол 10 жыл мерзімге виза ала алады.

Қазір шетел азаматтары үшін Қырғызстан визасының жарамдылық мерзімі бір жылға дейін барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама