×

Түркияда тігінен ұшып-қонатын Bayraktar VTOL сынақтан сәтті өтті (ВИДЕО)

Ұшқышсыз ұшатын аппарат 2,5 шақырым биіктікке көтеріле алады

 Дастан Жұмабекұлы 12.01.2023 | 12:34
фото: ашық дереккөз

Түркияның Baykar Makina компаниясы Bayraktar желісінің жаңа ұшқышсыз ұшатын аппаратын сынақтан өткізді. Сынақ сәтті өтті. Бұл туралы компанияныңTwitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Құрылғы «ұшатын қанат» дизайнын және тік ұшып көтерілуді және қонуды қамтамасыз ететін әрқайсысында екі винті бар екі көлденең тірекке ие болды. Сынақ ұшуы кезінде Bayraktar VTOL дроны шамамен 2,5 шақырым биіктікке көтеріле алады, –  делінген хабарламада.

Видеода ұшқызсыз ұшатын аппараттың ұшу-қону жолағынан тоқтап тұрған кезде қалай биікке көтерілгені, содан кейін оның қалай қонғаны көрсетілген.

Bayraktar VTOL барлау және бақылау тапсырмаларын орындай алады. Baykar Makina компаниясы 2023 жылы Bayraktar VTOL ұшқышсыз ұшатын аппаратын түрік қарулы күштерінің пайдалануына беруді жоспарлап отыр. Ол  елдің әскери-теңіз күштерінің Anadolu флотына арналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама