×

Президент шетелдегі бірқатар елшілерді тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 11.01.2023 | 12:05
Фото: sn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шетелдегі елшілерді тағайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осылайша, президенттің жарлығымен:

Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстанның Испаниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама