×

Жетісу облысындағы 3 айлық сәбидің өліміне қатысты тың дерек шықты

6 жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған

 Халық үні 11.01.2023 | 08:29
Фото: 24.kz

Жетісу облысындағы Жаркент қаласында 6 жасар бала қарындасын пышақтап тастады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 10 қаңтарда болған. 6 жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды.

Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл – студент. Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. «Неге бұлай істедің?» деген сұраққа 6 жастағы бала «ол жылап мазамды алды» деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, бірінші сыныптың оқушысы.

«Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді», - деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама