×

Қарағандыдағы жарылыс: 1 адам 8-қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен

Жарылыстан үш адам қаза тапты

 Халық үні 11.01.2023 | 00:05
Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағандыдағы 16 қабатты үйде болған жарылыс кезінде 1 адам 8-қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов айтты.

Оның сөзінше, төтенше жағдай кезінде үйдің тұрғыны 8-қабаттың балконынан құлап кеткен. Тұрғын ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс салдарынан 8-қабаттағы пәтерден секірген бір адам жарақат алды. Ол тірі, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір диагнозы және жағдайы нақтыланып жатыр, - деді Мұрат Қатпанов.

Сонымен қатар эвакуацияланған тұрғындарды қазір қонақүйлерге жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарғандыда 16 қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, 3 адам қаза тапқаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама