×

Қазақстанның 7 өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

Мұндай өзгеріс ауа райына байланысты енгізілді

 Халық үні 09.01.2023 | 07:45
Фото: sputnik.kz

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар бірінші ауысымдағы сабақты қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай облысында 9 қаңтар күні Семей және Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Аягөз аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері онлайн білім алады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді.

Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында 0-11 сынып оқушылары үйде қалады.

Қостанай облысында облыс орталығы мен Рудныйда, Амангелді, Жангелдин, Жітіқара аудандарында балалар мектепке бармайды.

Сонымен қатар Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 35 градус аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары және колледждің 1,2 курс студенттері қашықтан оқиды.

Еске сала кетейік, кеше Астанада 9-сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн форматқа ауысатыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама