×

Қызылордада екі күн бұрын жоғалған ер адам табылды

Жедел-іздестіру шаралары жүргізілді

 Халық үні 08.01.2023 | 08:58
фото: ПД

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі күн бұрын жоғалған 61 жастағы ер азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

ПД-нің мәліметінше, 5 қаңтарда сағат 17:30 шамасында Жаңақорған кенті З. Байзақов көшесі №42 үйде тұратын 61 жастағы Данияр Якубов белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

«Азаматты іздеп табу мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және еріктілерден топ құрылған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде аталған азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама