×

Астанада мысықты тепкен жас жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Ол қамауға алынды

 Дәурен Ерболат 07.01.2023 | 12:05
Фото: Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Елордада жануарға қатыгездік танытқан 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқарма мәліметінше, полицияның назары әлеуметтік желіде тараған видеоға түскен. Онда ер адам лифтіде дәрет сындырып, мысықты тепкен. Оқиға Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.

Алматы ауданы ПБ қызметкерлері оның 19 жастағы елордалық тұрғын екенін анықтады.

Кінәлі адамға Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») және 407-1-бабы («Жануарларға қатыгездік таныту») бойынша бірден 2 әкімшілік іс қозғалды. Кінәлі уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оның ісі Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деп жазылған хабарламада.

Полицейлер қоғамдық тәртіп пен қазақстандықтардың тыныштығын бұзғаны үшін, сондай-ақ біреудің мүлкін бүлдіргені үшін жауапкершілік барын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама