×

Ертіс ауылындағы қайғылы оқиғаға қатысты сот үкімі шықты

Прокурор 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады

 Халық үні 06.01.2023 | 22:50
Фото: collpart.kz

Павлодар облысының Ертіс ауылында 7 адамның уланып қайтыс болуына байланысты сот үкімі шықты.  

Ертіс аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы жылдың 6 желтоқсанында жеті адамның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Өткен жылғы 26 – 27 мамыр күндері Павлодар облысы Ертіс ауылының тұрғыны бес досына метил спиртін тегін берген. Метанолды ішкен жеті адам қайтыс болды.

Сотталушының кінәсі өзінің және жәбірленушілердің сөзімен, сондай ақ, құжаттармен дәлелденді. 

Прокурор 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушілер соттың шешіміне сүйенді. Сотталушы мен оның қорғаушысы бас бостандығынан айырмауды сұрады, –  делінген соттың хабарламасында. 

Сотта қылмыскердің кінәсі абайсыз қылмысқа жататыны және ол үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғаны айтылды.

Жеңілдететін мән-жайлардың болуына және ауырлататын жағдайлардың болмауына байланысты оған қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 2 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 26 мамырда Ертіс ауылының тұрғындары белгісіз сұйықтықты ішіп, соның салдарынан келесі күні жеті адам қайтыс болған. Қаза болған адамдар ішкен белгісіз сұйықтық шаруа қожалығынан ұрлап әкелінгені белгілі болды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама