×

Сырқаты асқынған әскери қызметкер госпитальде көз жұмды

Сарбаз биыл күзде әскери борышын өтеуге шақырылған

 Халық үні 30.11.2021 | 09:29
көрнекі фото: ашық дереккөзден

28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас әскери-клиникалық госпиталінде сырқаты асқынған 18 жастағы әскери қызметші Бобир Халматович Сариев қайтыс болды.

Әскери дәрігерлердің мәлімдеуінше, биыл 25 қарашада мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жақтың төменгі тұсының, мойынның қабынуы және дене қызуының жоғарылауынан орын алған сепсистік және инфекциялық-уытты шоктың ұлғаю жағдайында ауруханаға түсті.

Қазір әскери қызметкердің қазасына қатысты тергеу органдары тексеру жүргізуде.

Б.Х. Сариев 2021 жылдың күзінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери бөліміне Түркістан облысынан мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылған.

Еске салайық, 22 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Гвардейск гарнизонында әскери бөлім офицері өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама