×

Сапасыз білім беретін университтермен күрес жалғасады – министр

Бүгінде 5 жеке жоғары оқу орнын жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр  

 Дәурен Ерболат 06.01.2023 | 15:15
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда сапасыз білім беретін университтермен күрес жалғасады. Биыл 15 ЖОО-ның жұмысы тексеріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, университет лицензиясынан тек соттың шешімен айырылады. Конституцияға сәйкес, атқарушы билік соттың шешімін өзгерте алмайды.

Соңғы 2 жылда 16 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды. Биыл 15 университет тексеруде тұр. Алайда 2023 жылдан бастап (ЖОО-ларды, – автор) мемлекеттік бақылау моделі өзгереді. Осылайша, жаңа реттеу саясаты енгізіледі... Сапасыз білім берген жоғары оқу орындарына қатаң реттеу принциптері қолданылады, - деді ведомство басшысы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген отырысынан соң.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 5 ЖОО жабылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама