×

Елордалық бассейнде болған әйел өлімі: нұсқаушы 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Бассейн иесі жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге мөлшерінде өтемақы төледі

 Халық үні 29.11.2021 | 17:13
көрнекі фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың 16 қаңтарында бір реттік талон сатып алып, бассейнге барған 21 жастағы әйел қайтыс болды.

29 қарашада Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына байланысты қауіпсіздік талаптарына жауап бермегені үшін және абайсызда адам өліміне әкеп соққан қызмет көрсеткені үшін Т.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (Қылмыстық кодекстің 306-бабы, 3-бөлігі).

Т. спорт кешенінде жүзу бойынша нұсқаушы болғанына қарамастан, бассейнге келушілердің қауіпсіздігіне қатысты өз міндеттерін тиісінше орындамау салдарынан Е. қайтыс болды.

Прокурор айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал, жәбірленуші тарап сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады (ең ұзақ мерзім). Сотталушы өз кінәсін мойындамай, оның әрекеттерінде қылмыс белгісі жоқтығын айтып, істі тоқтатуды сұрады.

Сот жәбірленушіге медициналық көмек көрсету шараларын оның кінәсін мен жазасын жеңілдететін жағдай деп таныды. Оның кінәсі мен жазасын ауырлататын жағдайлар анықталмаған.

Сот нұсқаушының жеке басын, жәбірленуші тараптың ұстанымын ескере отырып, 4 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бассейн иесі жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиян үшін 10 миллион теңге мөлшерінде өтемақы төледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама