×

Абаевтың орнына Оралов келді

Жаңа министр 32 жаста

 Дәурен Ерболат 04.01.2023 | 11:01
Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрі қызметіне Асхат Оралов тағайындалды, деп хабарлады Тelegram-дағы Борт N1 арнасы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Жарлықта.

Президенттің Жарлығымен Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Асхат Оралов 1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысы Ақсу қаласында туған.

Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ны «Аударма ісі» және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, магистр және PhD докторы.

2010-2014 жылдары Астана қаласы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының хатшылығында басшылық қызметтер атқарған.

2011-2012 жылдары – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман.

2013-2014 жылдары – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман.

2014-2016 жылдары – Астана қаласы «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2018-2019 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры.

2018 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасының орынбасары.

2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы 13 шілдесіне дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылғы шілдеде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2021 жылғы шілдеден 2022 жылғы қаңтарға дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

2022 жылы Nur Otan (Amanat) партиясының атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама