×

Марат Қарабаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Ол түрлі басшылық қызметтерді атқарған

 Дәурен Ерболат 04.01.2023 | 10:52
Фото: primeminister.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне Марат Қарабаев тағайындалды, деп хабарлады Тelegram-дағы Борт N1 арнасы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Жарлықта.

Сондай-ақ президент Жарлығымен Қайырбек Өскенбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған.

Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су шаруашылығы комитеті Су шаруашылығы имараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы ретінде бастады.  

2011-2013 жылдар аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы;

2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы;

2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, басшысы;

2018-2019 жылдары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарды;

2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры;

2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 7 шілдеден 2023 жылғы 4 қаңтарға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама