×

«Сәбізге қақалған»: БҚО-да 1 жасар сәби дәрігерлердің көз алдында қайтыс болды

Анасы сәбиді ауруханаға ес-түзсіз күйде жеткізген

 Халық үні 03.01.2023 | 20:27
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында сәбізге қақалып қалған 1 жас 7 айлық сәби көз жұмды. 

Теректі аудандық ауруханасынан түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні аудан орталығы Теректі ауылында болған.

«1,7 жасар ұл бала сәбіз жеп жүріп қақалып қалған. Оны анасы байқап, желкесінен түйгенімен, сәбіз шықпаған. Баланы аудандық ауруханаға алып келгенімен, тіршілік белгісі болмады. Жансақтау шаралары жүргізілгенімен, ол нәтиже бермей, сәби қайтыс болып кетті», - деп хабарлады ауруханадан.

Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасы растап, Теректі ауданы бойынша 1,7 жасар баланың өлімі тіркеліп, сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама