×

Бұрынғы Мәжіліс депутаты жаңа қызметке тағайындалды

Зүлфия Сүлейменованың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды

 Қымбат Елтайқызы 14.03.2022 | 14:33
Зүлфия Сүлейменова, фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Зүлфия Сүлейменова Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған Мәжіліс депутаты болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама