×

34 жастағы әйел алаңдағы шыршаны өртеп жіберді

Ол әйел адамдар суретке түспеуі үшін шыршаны өртеуге бел байлаған

 Халық үні 30.12.2022 | 22:50
фото: 24kg

Қырғызстанның Майлуу-Суу қаласында әйел алаңдағы шыршаны өртеп жіберді, деп хабарлайды 24.kg агенттігі. 

Оқиға 30 желтоқсанға қараған түні болған.

«Қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, өз кінәсін мойындады. Күдіктінің айтуынша, ол Жаңа жылға сенбейді. Әйел адамдар суретке түспеуі үшін шыршаны өртеуге бел байлаған», – делінген хабарламада.

Оқиға дерегі бойынша Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жергілікті бюджеттен 90 мың сом (486 мың теңгеден астам) бөлінген шырша 25 желтоқсанда орнатылған. Оның биіктігі – 5 метр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама