×

ЖОО-ның үздік оқытушылары анықталды

Конкурсқа еліміздің 71 жоғары оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты

 Динара Амантай 30.12.2022 | 13:25
Фото: thoughtco.com. M_a_y_a / Getty Images

«2022 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық конкурстық комиссия қазақстандық 43 ЖОО-ның 150 оқытушысын жеңімпаз ретінде таныды. Олардың әрқайсысы 2 мың АЕК көлемінде сыйақы алатын болады. Бұл – шамамен 6 млн теңге. Ақшалай ынталандырудан басқа, конкурс жеңімпаздары арнайы төсбелгіге де ие болады.

Конкурсқа еліміздің 71 жоғары оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты. Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. көрсеткіштер, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі еңбегі бағаланды, - деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының жеңімпаздары анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама