×

Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пеленің футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті

 Динара Амантай 30.12.2022 | 09:40
Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әйгілі футболшы Пеленің 82 жасында өмірден өткенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама