×

Алматыда жер сілкінді: ТЖМ шұғыл мәлімдеме жасады

Алматылықтар 2-3 балдық жер сілкінісін сезінген

 Халық үні 29.12.2022 | 00:01
фото: ашық дереккөзден

Бүгін Астана уақытымен түнгі 23:17 минут шамасында Алматыда жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 261 шақырымда, Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған.

Алматылықтар жер сілкінгенін сезіп, жоғарғы қабат тұрғындарының арасынан далаға шыққандар да табылды.

Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

«Тиісті органдардың хабарлауынша, жер сілкінді. Бақылаушылар визуалды тұрғыдан ештеңе байқалмайтынын айтуда, жағдай тұрақты. Тұрғындардан «101» және «102» нөмірлеріне қоңырау түскен жоқ. «Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қаупі және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ», - делінген хабарламада.

ТЖД мәліметінше, алматылықтар 2-3 балдық жер сілкінісін сезінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама