×

«Big Drama in Japan». Геннадий Головкин ресми мәлімдеме жасады

Головкиннің келесі жекпе-жегі Жапонияда өтеді

12.11.2021 | 10:16
фото: ашық дереккөзден

Орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы дивизиондағы WBA «суперчемпионы» Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізетінін ресми түрде жариялады. Жекпе-жек 29 желтоқсан Жапонияда өтеді.

«Жапониядағы Big Drama. 29 желтоқсанда көріскенше», - деп жазды GGG Instagram желісінде.

GGG үшін Жапониядағы бұл кездесу DAZN платформасымен жаңа келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жек. Оған қоса, Геннадий Головкин биыл алғаш рет шаршы алаңға шыққалы отыр.

Айта кетейік, осыған дейін бұл айқас Токиодағы Saitama Super арнеасында өтетінін белгілі болған. Кездесу жергілікті уақытпен күндіз өтеді, себебі оны кешкісін Америкада трансляциялайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама