×

ҰҚК Атырауда қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Үш адамның мүлкі тәркіленетін болды

 Айнұр Асылбекқызы 12.03.2022 | 18:40
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласында ірі көлемде есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, 6 наурыз күні Атырау қаласында каннабистік есірткіні жеткізуге қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Ал келесі күні есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы қолға түсті.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден артық «марихуана» тәркіленген. Оның қара нарықтағы құны 60 миллион теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы бапқа сәйкес, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі деп танылған адамдардың мүлкi тәркiленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«22 градус аяз болады»: синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет»  РМК Қазақстанда 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды
30.03.2023 | 08:05

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі: соққыға жығылған заңгер ерлі-зайыпты мәлімдеме жасады

Адвокат Анна Дмитриевич Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды
30.03.2023 | 07:45

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген ер адам көз жұмды

Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген
30.03.2023 | 06:05

Ақтөбедегі қанды оқиға: марқұмдардың туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады
30.03.2023 | 01:44