×

Мәжілістің тағы бір депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады

Осыған дейін Мәжіліс бұрын ҰҚК-да қызмет еткен екі депутаттың өкілеттігін тоқтатқан еді

 Қымбат Елтайқызы 12.03.2022 | 12:00
коллаж: Halyq Uni

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

2022 жылғы 12 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Ортсайлауком отырысы өтті. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясы мүшелері Сәбила Мұстафина мен Шавхат Өтемісов отырысқа Ақмола облысындағы іссапар барысында қатысты.

Отырыста Ортсайлауком мүшелері «Мәжіліс депутаты Владимир Имтахунович Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы» қаулы қабылдады, – дейді ОСК.

Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңның 24-бабы 3 әрі 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты В.И.Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті.

«Депутат В.И.Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжіліске енгізілді», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Мәжіліс бұрын Ұлттық қаупсіздік комитетінде қызмет еткен екі депутаттың өкілеттігін тоқтатты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама